Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы қаралды

10.03.2019

Ел дамуында елеулі рөлге ие іргелі жобалар болады. Маңызды салаларды қамтыған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы осы қатардан. Жаңа экономикалық саясаттың негізінде түзілгендіктен ауқымы орасан. Базалық инфрақұрылымды түгел түлетуге арналған оның түп мақсаты - экономиканың дамуына да серпін беру. «Нұрлы жолдың» аясында өткен жылы да ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыстар жасалды. 2015 жылы басталған кешенді бағдарламаның биыл бірінші кезеңі аяқталады. Бірақ, жақсы іс жалғасын табу керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының «2020-2025» жылдарға арналған келесі кезеңін дайындап жатыр. Осы апта Үкімет отырысында сүбелі бағдарламаның орындалу барысы мен болашағы пысықталды.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу