Оңтүстік Азиядағы екі ядролық державаның қатынастары тым шиеленісіп кетті. Джамму және Кашмир штатында конвойға шабуыл жасалып, ондаған адам қаза тапты. Осыдан кейін Үндістан мен Пәкістан ат құйрығын кесісіп, әскери жанжалға бір табан жақындады. Екі елдің де премьер-министрлері биік мінберлерден мәлімдеме жасап, оқ атылса, кек алатынын ескертіп отыр.
Сонымен қатар, Дели мен Исламабадтың сауда қатынастары да нашарлап барады. Үндістан Пәкістаннан келетін тауарларға кеден салығын жүздеген пайызға көтеріп, өзендерінің суын басқа жаққа бұру туралы шешім қабылдап үлгерді. Ал, АҚШ, Қытай, Ресей Кашмирдегі қантөгісті терроризмге балап, оны қатаң айыптады. Даулы аймақтан жеткен соңғы оқиғаларға Арыстан Рысбек тоқталады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.