Бұл заман - ертегілер шындыққа айналған заман. Алыс жақындады, ұзақ қысқарды, қиын оңайланды. Бұл – цифрландыру технологиясының жемісі, яғни, бұрын-соңды адамзат баласы бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазір жаһан жұрты сияқты Қазақстан да жыл санап емес, күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Осы бағытта еліміздің ұмтылысы мен қол жеткізген нәтижелері көптеген әлемдік бағалаулар бойынша жаман емес.
2017 жылы елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Мақсат – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру еді. Құжат аясында 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін еселеу көзделген. Осы аптада Үкіметте бағдарламаның бір жылдық жұмысы қорытындыланды. 2018 жылға жоспарланған іс-шара толығымен орындалып, осы бағыттағы қаржының 99,8 пайызы игерілген. Цифрландырудың есебінен ел экономикасына 218 млрд теңге пайда түсіпті. Ал, цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында 700 мыңнан астам адам оқытылған.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.