«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды

17.02.2019

Еңбек елеусіз қалмайды. Әсіресе, ел ертеңіне ерекше екпін беріп, күш-жігерлерін Отанның өсіп-өркендеуіне қосып жүргендерге біздің елде ықылас бөлек, қолдау зор. Сондай мысалдардың бірі – «100 жаңа есім». «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қанат қаққан сәтті жобалардың бірі.

Осымен екінші мәрте ел алдына жаңа есімдерді шығарды, талапты, талантты тұлғаларды тарихқа қалдырды. Жемісті жобаның жеңімпаздарын басқа емес, Елбасының өзі ұлықтайды. Биылғы үздіктердің есімі осы аптада жарияланды. Сонымен елдің дамуына үлес қосып, қатарластарынан оза шапқандар кімдер?

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу