Жасөспірімдер қылмысы алаңдатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдер қылмысы алаңдатады

03.02.2019

Абайдың «Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі, мастыққа. Сыпайы жүр де, шаруа ойла, даңғойланып қақтықпа» дегені еске түсіп тұр.

Еліміздің ертеңі кімдер? Бір әулеттің баласындай, бір қолдың саласындай жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу, кері кеткенді түзеу, іс түскенге көмектесу сиреп кетті бүгінде. Керісінше қоғамда кердең басып, кішілерді келемеждеп, әлділері әлсіздерге көрмегенді көрсетіп жатыр. Бәрі бір ауылдың баласы. Бірақ ата жауындай жауыздықпен жер жастандырудан тайынбайды.

Ал, бұрын «жеңілсем, жер көтереді» дейтін едік. Енді жекпе-жектен гөрі жан-жақтан жабыла тепкілеп, ақыр соңы пышақ сұғу «сәнге» айналды. Осылайша бозбалалар озбырлық жасау арқылы топтан озуды мақсат тұтқандай. Алайда, «адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», - деп хакім Абай айтқандай, олардың барар жері - абақты. Сондай қылмыстық оқиғалардың жиілеп кетуіне не себеп, кім кінәлі? Алаңдатқан мәселені «Apta» тілшілері бағамдап көрді. Саралай отырыңыз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу