Банк саласы ретке келтіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк саласы ретке келтіріледі

03.02.2019

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтің әл-ауқатын арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстарды пысықтауды шегелеп тұрып тапсырды. Мейлі ол жеке тұлға немесе кәсіпкер болсын, мемлекеттің қамқорлығын сезінуі тиіс. Әйтпесе, шаруасын шыр айналдырам деп, банктен несие, мемлекеттен субсидия алып, қыруар қаржыны қара басының қамына жұмсайтындар бар. Қара судан қаймақ айырып ондай қуларға, жұмыртқадан жүн қырыққан пайдакүнемдерге қолдау тоқтатылады. Мемлекет тек еңбегін сауып, адал күн кешіп, заң талаптарын орындап отырғандарға ғана демеу болады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу