Жұрт жаңа 2019 жылды қарсы алып, арқа-жарқа боп жатқанда, Арқа төсіндегі алып шаһар Қарағандыдан тыныштық қашты. Оны өздеріңіз де білесіздер. Кейін «Бұзақылық әрекет жасады» және «адам өлтірді» деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурян 9 қаңтар, сәрсенбі күні қолға түсті. Ол Ресейдің Омбы облысының аумағынан ұсталған. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Нарек Гурурянның жасы 22-де. Оған 3 қаңтарда халықаралық іздеу жарияланған еді.
Енді болған қайғылы оқиғаны аз-кем шолып өтсек. Ішкі істер министрінің орынбасары Жанат Сүлейменовтің айтуынша, желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні Қарағандыдағы «Көне Рим» мейрамханасында бірнеше адам сөзге келіп, бет жыртысып, ұрыс соңы қырғын төбелеске ұласқан. Салдарынан 1995 жылы туған Рахымжан Жансейіт көз жұмды. Тағы үшеуі жарақат алды. Жалпы, сол түні мейрамханада мерекені 400-дей адам тойлаған. Ал, жанжалға 14 адам қатысқан. Оқиғадан соң 8 адам қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша, кикілжің демалып отырғандар мен мейрамхана қызметкерлері арасында туындаған.
Айбек ҚОБДАБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.