Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жарты жылдың ішінде жаңа нысан тұрғызды. Бұл жерде 10 адам еңбек етеді.
Техникалық станцияның ашылғанына ауыл тұрғындары риза. Енді темір тұлпары сына қалса, қалаға сабылмайды. Қажетті қосалқы бөлшекті сатып алып, осы бекетте жөндетеді.
Сапарғали жазға қарай бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. «Оған мүмкіндігім жетеді, әрі мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында ісімді дөңгелетіп әкеттім. Енді тек ерінбей еңбек ету керек», - дейді кәсіпкер жігіт.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ