Биыл Мемлекет басшысы халыққа екі бірдей Жолдау жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Мемлекет басшысы халыққа екі бірдей Жолдау жасады

30.12.2018

Егемен ел болғалы Елбасы халыққа 23 рет Жолдау арнапты. Осыдан 21 жыл бұрын, яғни, 1997 жылдың 10 қазанында Алматы қаласында Парламент төрінде «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялағаны есте. Президенттік үндеу жас мемлекеттің алдағы 30 жылғы бағыт-бағдарын анықтап берген еді. Бұл – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы болатын. Содан бері жылсайынғы халық асыға күтетін игі дәстүрге айналды. Кейінгі әрбір Жолдауда Мемлекет басшысы ел алдындағы маңызды жаңа міндеттерді белгілеп отырды. Президенттің халыққа үндеулері әлемнің 15 тіліне тәржімаланған. Ал, биылғы өтіп бара жатқан жылдың еншісінде 2 Жолдау, қоғамға қозғау салған 2 мақала бар. Жолдау жүктеген, мақала межелеген міндеттерді тағы бір еске түсірелік.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу