2018 жыл Қазақ Үкіметі үшін қауырт жыл болды. Әлеуметтік–экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін сан-түрлі қадамдарға барды. Күн сайын қырық құбылған әлемдік нарық халықты да, ұлықты да шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр етті. Жалпы, биыл Сағынтаев Үкіметі үмітті ақтай алды ма? Елбасының тапсырмаларын министрлер қаншалықты қылаусыз, тиянақты орындады? Жылдың ең соңғы отырысын Премьер-министр Бақытжан Әбдірұлы бастаған министрлер кабинеті желтоқсанның 29-ы, яғни, кеше өткізді. Әңгіме коммуналдық төлемдердің құнын төмендету төңірегінде өрбіді. Ал, ит жылындағы игіліктер мен кемшіліктер келер жылы қаңтарда қаузалатын болды. Дегенмен, тілшіміз Альбина Әшім денсаулық, білім, мәдениет пен спорт салаларында биыл болған басты өзгерістер мен жалпы, үкіметтің бір жылдық жұмысын шолып шықты.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.