27 жыл бұрын еліміздің дипломатиялық қадамдары қалай басталды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27 жыл бұрын еліміздің дипломатиялық қадамдары қалай басталды?

16.12.2018

Қазақ «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» дейді. Ел мен елді жалғайтын, елдің аманатын арқалайтын елшілік атам заманнан жауапты қызмет. Өйткені, елшінің артында тұтас мемлекет тағдыры жатыр. Шет жатқан жұрт елшісіне қарап елін таниды. Біздің халық ежелден дипломат. Бітімгершілік қанымызда бар қасиет. Қазақ дипломатиясының өзегі әріде Керей мен Жәнібектен басталып, Әбілқайыр, Абылай хандарға сабақтасады. Одан беріде Кеңес Одағының Сауд Арабиядағы елшісі болған, қазақтан шыққан тұңғыш елші Нәзір Төреқұлов сынды азаматтарымыздың есімімен жалғасады. Бұлардың қай-қайсысының да қазақ дипломатиясын қалыптастыруға қосқан үлесі зор. Ал, Кеңес одағының шекпенінен шығып, Тәуелсіз ел атанған тұста да біздің дипломаттарға атан түйенің жүгі артылды. Өйткені, ол кезде әлем Қазақстанды бағыт-бағдары белгісіз, мемлекет болып қалу-қалмауы екіталай ел ретінде қабылдады. Сондықтан, күн тәртібінде ең алдымен өзімізді таныту, мойындату ісі тұрды. Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы көрегенділігі мен қазақ дипломаттарының күш-жігерінің арқасында бұған да жеттік. Қазір жиһанның түкпір-түкпірінде қазақтың табаны тимеген, Туы тігілмеген жері кемде-кем. Олай дейтініміз, бүгінде әлемде 197 мемлекет болса, Қазақстан соның 184-мен дипломатиялық байланыс орнатып  үлгерді. Халықаралық деңгейдегі мұндай ауқымды шаруаны біздің дипломаттар қалай еңсерді?

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу