Кинематография туралы заң қабылданды

09.12.2018

Кино – бұл әдебиеттің кенже баласы іспетті. Оны түсіру - айтуға оңай болғанмымен, машақаты көп қиын дүние. Қазақ киносының өз биігі бар түйгенде. Отандық фильмдер кейінгі жылдар белесінде көңілге жағып, көрермен тарапынан жақсы бағаға ие болып келеді.

Осыған дейін біз «Кино туралы» заңы жоқ жалғыз ел болдық. Бұған дейін бұл салаға қатысты мүлдем құжат болмаған. «Мәдениет туралы» заңда фильмдердегі ұлттық тіл, прокат сияқты кино қатынастарын реттейтін алты бап қана болған. Енді жаңа құжат жоғымызды түгендеп, кем-кетігімізді реттейді деген үміт бар. Қазақстанда бұрынғыдай емес, соңғы жылдары киноиндустрияға бет бұрыла бастады. Өзіміз жылда өндіретін 30-40 фильмнің 20 пайызы «Қазақфильмнің», қалған 80 пайызы жекеменшік студиялардың туындылары.  Демек, бізде жекеменшік студиялардың әлеуеті жоғары.

Жаңа заң бойынша Үкімет қазақ киносына бөлінген қазына қаржысын түсірілім аяқталған соң, қайтарып алатын болады. Осыған дейін «Қазақфильмге» жылына бөлініп келген 4 млрд. теңгені ешкім сұрамапты да. Жаңа заң күшіне енсе, мемлекет есебінен түсірілген киноның шығынын режиссерлер қайтарады.

Заңның тағы бір жағымды тұсы, енді әлемнің үздік туындылары да қазақ тіліне аударылады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу