Картадағы көп елді қаржылық қиындықтар қыспаққа алғанда, жаппай жол салып, жан бағып қалғаны жасырын емес. 1929-шы жылы дағдарыс дендеп, есеңгіреген елдер АҚШ пен Германия осы әдісті қолданып, есін жиып, экономикасына қан жүгірткен екен. Дәтке қуат дейтіні - сол, біз бұл іске көйлегіміз көк, қарнымыз тоқ кезде кірістік. Анығын айтсақ, 2015-ші жылы Президент пәрмен беріп, «Нұрлы жол» бағдарламасы бекіді. Ол бойынша 11 жоба автомобиль жолы, үшеуі - теміржол, енді біреуі авиация саласында жүзеге асуы тиіс еді. Әзірге, жұмыс жүйелі. Көлік жолдары бойынша атқарылған істер қарқынды болмаса да, көңіл көншітерлік. Оны аптаның өткен санында көрсетіп, куә болғанбыз. Ал, 350 млрд. теңге жұмсалған теміржол мен авиация саласындағы 4 жобаның жайы қалай болды? Жауаптылар жар салғандай, шойын жолдан шоқ шығып, темір қанаттылар көкте қауіпсіз қалықтап жүр ме?
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.