Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

09.12.2018

Осы аптада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен еді. Жиында қауіпсіздігімізге әсер етер сыртқы факторлар мен қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.

Қазіргі күнгі Ресей мен АҚШ-тың текетіресі, Қытай мен Америка арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы күрделі жағдайлар Қазақстанды айналып өтпесі анық. Осыны ескерткен Президент қол қусырып қарап отыруға болмайтынын, тиісті шараларды қолға алу керектігін айтты. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Президент алдында биыл өткізілген қорғаныс оқу-жаттығуларының қорытындысын баяндады. Сондай-ақ, әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру үшін қолға алған шаралар туралы айтып берді. Отырыс соңында Нұрсұлтан Назарбаев тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу