Антибиотикті шектен тыс көп тұтынудан ағза дәрілерді қабылдамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антибиотикті шектен тыс көп тұтынудан ағза дәрілерді қабылдамайды

02.12.2018

Антибиотиктен абайлаңыз! Емге дауа деп ішкен дәріңіз уға айналуы мүмкін. Дүниежүзі ғалымдарының қуаты күшті дәрілердің салдарын айтып, дабыл қаққанына біраз болды. Ол себепсіз де емес. Өйткені, адам ағзасындағы микробтардың дені антибиотиктерге төзімді болып алады да, емнің әсері болмайды. Қазірде бұл мәселе әлемнің бірқатар елінде аса өзекті болып тұр. Тіпті Еуропаның кейбір елдерінде антибиотикті шектен тыс көп тұтыну салдарынан науқастардың ағзасы дәрі-дәрмектерді қабылдамай жатыр. Яғни, дертке дауа таппаған дәрігерлер емнің басқа жолын таппай дал болуда. Осы тұста әлгі Абай хәкімнің «әр нәрсенің шегі бар» деген сөзі оралады. Біздің елімізде де қауіпті дәрілерге шектеу қоятын нақты шаралар жоқ. Мамандарды алаңдатып отырған негізгі мәселе - осы.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу