Жастарымызды тиісті жұмыс орындарымен қамтамасыз ету маңызды - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарымызды тиісті жұмыс орындарымен қамтамасыз ету маңызды - Елбасы

02.12.2018

Осы апта еліміздегі ең күрделі салаға жауапты министрлік басшысы Президентке есеп берді. Әлеуметтік әлжуаз топ, мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыздар һәм өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің мәселесі мұқият қаралды. Елбасы биылғы Жолдаудың басты мақсаты — әлеуметтің әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын баса айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова болса, Жолдауға сай, келер жылы халықтың әл-ауқаты біршама артатынын баяндады. Мәселен, жаңа жылдан кейін бұқараның нақты кірісі 4,6 дейін пайызға өседі. Мұның сыртында әлеуметтік әлжуаз топтардың біразына нақты қолдау жасалады. Цифрлық экономикаға және 4.0 индустриясына көшуімізге байланысты еңбек ресурстарының сапасына қойылатын талаптардың күшейгені де назардан тыс қалмады. Осы орайда Президент сапалы жұмыс орындарын ашу үшін еңбек нарығын дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Өйткені, 2025 жылға қарай қосымша 2 миллионға жуық жас маман еңбек нарығына шығады деген болжам бар. «Жастарымызды тиісті жұмыс орындарымен қамтамасыз ету маңызды», – деді Президент. Жалпы, Үкімет өзіне жүктелген үлкен міндеттерді мінсіз атқаруы үшін келер жылы қандай қадамдар жасайды?

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу