2014 жылдың 29-шы мамырында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа үш мемлекеттің басшылары Астанада қол қойды.
Кейіннен Еуразиялық одақ кеңістігі Армения Республикасымен толығып, «үштік» одақ болып құрылған ұйым «төрттік» бірлестік ретінде жұмысқа кірісіп отыр.
Айта кетерлігі, тек соңғы 5 жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88 пайызға өсіп, 24 миллиард долларға жеткен.
Ресей мен Беларусь еліне қазақстандық экспорт 63 пайызға ұлғайып, 6 миллиард долларды еңсерді.
Еуразиялық экономикалық одақ – Жер шарының ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі. Бұл энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестік.