Қазір трендтегі сөз – цифрландыру. Жұмыр жердің миллиардтаған тұрғыны, түрлі қауым, түрлі жұрт жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап, цифрландыру дәуірінің сиқырлы әлеміне еніп барады. Осы апта Маңғыстау облысында аналогтық телевизиялық сигнал тарату тоқтатылды. Оның орнына осы заманғы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жүйесі іске қосылды. Сөйтіп, осы кезге дейін санаулы арналарды ғана көріп келген өңір жұртшылығы сапасы жоғары, отандық 15 телеарнаны тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шарапаты. Тоқетері - технология атаулыға тіл бітіргендер ғана қара үзіп, алға озады, ал, оған ілесе алмағандар шаң жұтып артта қалады. Оны Корея, Сингапур, Франция сынды дамыған мемлекеттер арқылы әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Сондықтан, Қазақ Үкіметі ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамту, цифрлы технологияны көлік және логистикаға, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы саласына және электронды саудаға енгізуді көздеп отыр. Ал, енді сол «цифрландыру» деген сөзді көп айтып, көп қолданғанымызбен, оның негізгі мағынасына біз қаншалықты үңіліп жүрміз?
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.