Аптаның атап айтар тағы бір айшықты оқиғасы - тарихы терең Тараздағы қала күні мерекесі. Мемлекет басшысы «Тараз – тарихымыздың темір қазығы» деп тегін айтпаса керек. Тоғыз жолдың торабында тұрған көне шаһар мыңжылдық мәдениеттерді бойына жиып қана қоймай, өркениетке кең өріс ашып, күн сайын көркейіп келеді. Тарихи қала биыл да өзінің туған күніне көптеген жаңалықтармен жетті. Қалаға кіретін автожол, темір жолдарының бойы гүлзарлармен әсемделіп, жаңа ашылған 20 нысан тұрғындардың көзқуанышына айналды. Көркі көз арбайтын саябақтар мен ғибрат алар рухани орындар да ашылып жатыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.