Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір қашан салынады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір қашан салынады?

21.10.2018

Күршімдіктердің көңілін күпті қылған көпір. Шығыс Қазақстан облысында Күршім дейтін аудан бар. Осындағы ағайынға ортақ бір арман болса, ол Бұқтырма су қоймасына салынуы тиіс көпір болар?! 20 жыл болды, жергілікті биліктің есігін қағып келеді. Атқамінерлер естігенмен, көпір салар дәрмендері де жоқ, пәрмендері де жоқ. Осыдан бес жыл оңтүстіккореялық компаниямен келісімшарт жасалып, көпір құрылысының негіздемесі әзірленіп, уақыт кестесіде белгіленген.

Бұқтырма – еліміздегі ең ірі су қоймаларының бірі. Жергілікті жұрт облыс орталығы Өскеменге жазда пароммен, қыста мұз үстімен қатынайды.

Осыдан 3-4 жыл бұрын қыста айдынның ортасында бұзылып қалған паромдағы жұртты төтенше жағдай қызметкерлері әрең құтқарып қалғанын ел ұмытқан жоқ. Ал, қыстыгүні немесе көктемге салым мұз жарылып, күршімдіктердің талай көлігі су астына кетті. Жергілікті көлік жүргізушілері бастарын үнемі қатерге тікпегенде қайтеді, басқа қысқа жол жоқ. Зайсан ауданы арқылы келетін жол ұзақ, айналмалы, қаржыңмен қоса, есіл уақытыңды да жоғалтасың. Сондықтан, Бұқтырма көпірі күршімдіктер үшін бүгінде ең өткір мәселе, үлкен сауал.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу