Б.Сағынтаев Президенттің тапсырмасын баяу орындап жатқан аймақтарды сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сағынтаев Президенттің тапсырмасын баяу орындап жатқан аймақтарды сынға алды

21.10.2018

Жыл сайын Жолдауда ең үлкен тапсырмалар Үкіметке жүктелетінін білеміз. Ай басында Ақордадан екілік алған оқушыдай мойындары салбыраңқы шыққан Бақытжан Сағынтаевтың кабинеті бүгінде екі білекті сыбанып іске кірісті. Маңызды саяси құжатты жүзеге асыру үшін алдымен қыруар қаржы керек. Бұл мәселені шешу үшін 2019-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына тиісті түзетулер мен өзгерістер енгізілді.

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, Жолдауды орындау үшін алдағы үш жылға триллион 800 миллиард теңге бөлінбек. Әлеуметтің әлеуметтік мәселелерін шешіп, әлеуетін көтеруге бағытталған Жолдауды жүзеге асыру Үкімет отырыстарының арқауына айналды.

Жалпы, атқарушы билік үйіліп-төгіліп үсті-үстіне беріліп жатқан маңызды тапсырмаларды абыроймен атқарып шыға ала ма, жоқ па, ол да алдағы уақыттың еншісінде.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу