Жамбыл облысындағы Мыңарал цемент зауыты толық қуатта жұмыс істеуге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы Мыңарал цемент зауыты толық қуатта жұмыс істеуге көшті

01.01.2015
Жамбыл облысындағы Мыңарал цемент зауыты толық қуатта жұмыс істеуге көшті

Зауыт өнімі бүгінде «Жамбыл цемент» деген атпен танымал. Сапасы жоғары, соған қарамастан бағасы арзан.

Оның басты себебі – цемент жаңа технологиямен, яғни құрғақ тәсілмен өндіріледі. Бұл өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетіп отыр.

Зауыттың тағы бір ұтқаны цементке қажет шикізатты алыстан тасымайды. Жергілікті жерде негізгі шикізат – әктас пен қатпарлы тасжыныстың мол қоры бар. Геологтар кеннің тағы 100 жылға жететінін айтуда. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу