Елбасы осы Жолдауда екі ұғымды айналымға енгізді. Оның біріншісі, қолма-қол ақшасыз экономика, екіншісі қарапайым нәрселер экономикасы. Отандық өндірушілердің елімізді халық тұтынатын қарапайым тауарлармен қамтамасыз ете алмай отырғандығы жасырын емес. Дені шетелден келеді, дәлірек айтсақ, Қытайдан. Үстіңдегі киімің де сырттан әкелінеді. Қайтпек керек? Оған да жауап алынды. Өзің өндір, сол отандық өнімді өзің сатып ал. Қысқасы қолдау көрсет.
Жолдауда көтерілген осы тақылеттес мәселелер – еліміздегі депутаттық корпустың заң шығару жұмысының ең басты бағыты екені сөзсіз. Қазіргі уақытта алдағы үш жылдыққа арналған бюджет жобасы Мәжілістің қарауына енгізілген. Осы құжатпен жұмыс барысында депутаттар Елбасы Жолдауының басымдықтарын басшылыққа ала отырып, ең алдымен, әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға қаражат қарастыратын өзгерістер енгізетін болады. «Сондықтан биылғы Жолдау алға қойған мақсат-мұраттар табысты жүзеге асатынына сеніміміз зор»,- дейді депутаттар.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.