Елбасы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті

30.09.2018

Саммиттен соң Елбасы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен жеке дара кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтың ілгерілеп келе жатқанына тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақ елінде кәсіпкерлер үшін барынша тиімді жағдай жасалғанын жеткізді. Бұл ретте еңбек көші-қоны мәселелерін реттеу жайы және екі елдің бизнесмендері арасындағы байланыстарды кеңейту қажеттігі айтылды. Никол Пашинян қазақ лидеріне екіжақты кездесу өткізіп, мемлекетаралық қатынасты талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылығын білдірді.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу