Биыл жыл басынан бері әлемдік қауымдастықтың назары Корей түбегіне ауды. Соңғы 65 жылда соғыс жағдайында өмір сүріп келген қос Корея басшылары ақыры кездесті. Жалпы бұл жылымық кезеңнің басталуына Оңтүстік Кореяда өткен Қысқы Олимпиада ойындары жақсы себеп болды. Екі ел ол ойындарға бір ту астына бірігіп, бір құрама команда болып қатысқан еді.
Ал, араға 3 ай салып саясат сахнасында тоңмойын, бірбеткей деп суреттелетін Ким Чен Ын АҚШ президентімен кездесті. Пхеньян атомдық арсеналдан бас тартуға келісіп, Оңтүстік Кореямен арадағы соғысты тоқтатып, бейбітшілік туралы пәтуа жасауға әзірлік байқатып отыр. Осылайша, Корей түбегінде сең қозғалды деуге болады. «Бірақ, күдік сейілді деуге әлі де ерте сияқты», - дейді саяси жауырыншылар. Кимнің әкесі мен атасына сенбеген Батыс, оның өзіне де аса бір иланып отырған жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.