Мемлекет басшысы Бурабайда «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымын тамашалады. Композитор Мұқан Төлебаевтың төл туындысы – отандық опера өнерінің биік шыңы, қазақ руханиятының інжу-маржаны. Қойылымның ашық аспан астында дәл Көкше баурайында сахналануы тегіннен тегін емес.
Жерұйық саналатын бұл мекен – кеудесінен сөз төгілген, көмейіне бұлбұл қонған әрі әнші, әрі ақын, сал Біржанның кіндік қаны тамған жер. Сұлу табиғатымен көпті тамсандыратын Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсын тілшіміз Жазира Досмағанбет те тамашалап келді.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.