«Түркістанда Түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб» деуші ме еді? Оңтүстік Қазақстан облысы киелі орындарға бай. Олардың әрқайсысы бөлек тарих, тағылым. Зираттар мен кесенелер, мазарлар мен ескерткіштер аңыздармен астасып, қасиетті мекенге айналған. Оларға ниеттеніп келушілердің де саны кеміген емес. Елдің әр түкпірінен дертіне дауа іздеген жұрт сол киелі орындарға ағылып жатады. Біз бүгін сол туризмді түлетер орындарды түгендеп, рейтингісін түздік.