Еуразиялық экономикалық одақ лидерлері қандай мәселелерді талқылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақ лидерлері қандай мәселелерді талқылады?

20.05.2018

Жылдағы саяси дәстүр осы, одақтастар жылына кем дегенде бір рет бас қосып, келелі кеңес құрады, алдағы атқарар шаруаларын ақылдасады. Кеңейтілген жиыны былтыр да қазан айында осы Сочиде өткен еді. Одан бері екі саммиттің аралығы саяси өзгерістерге толы болды деуге болады. Қырғыздар мен армяндарда билік ауысты.

Саяси жүйе өзгерді. Алпысты алқымдап қалған Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбековтің президент ретінде одақтың отырысына алғашқы қатысуы. Күні кеше қызметіне кіріскен Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянның да ортаға қосылғаны осы. Әріптестері арасындағы ең жасы, 42-дегі Пашинянды лауазымымен құттықтап, қызметіне сәттілік тілеуді де ұмытпады. Су жаңа Премьердің сөзі нық. «Армения одақтың барлық қарарын қолдайды», - деді. Экономикалық, саяси байланыстарды арттыруды қалайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел басына жиналған «бестіктің» қатарында биыл Молдова да бар. Бірақ, әзірге бұл ел тек бақылаушы қызметін атқарады.  «Бестіктің» көшбасшылары ресми Кишинев бақылаушы ел ретінде интеграциялық игіліктерге зор үлес қосады деп  сенім білдірді. Қысқасы, бұл жолғы құрамда әжептеуір өзгерістер бар.  Сонымен, Еуразиялық экономикалық одақ лидерлері қандай мәселелерді талқылады? Қайсысын құжат түрінде бекітті? Шынар Асанқызының материалында.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу