Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы жерлерге өте бай. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, айдыны жарқыраған Балқаш, шөбі шүйгін Баянауыл, орманы сыңсыған Қатон Қарағай. Қысқасы, айтып тауысу мүмкін емес. Біз жағдайымыз жетсе, шетке шығуға асығамыз, шекара асып демалғанды құп көреміз. Керісінше, біздегі осындай көрікті мекендерге келіп демалатын туристер саны жыл сайын өсіп келеді екен. Былтыр еліміздің түкпір-түкпіріндегі демалыс орындарына келушілердің саны 4 миллионнан асыпты. Түрлі демалыс орындары, курорт, шипажайлар – қызмет көрсету саласындағы аса ірі кәсіп көзі саналады. Кей елдер тіпті, осы туризмнің арқасында күнін көріп, қазынасын еселеп отыр. Туризм саласына серпін беру мақсатымен бізде де туристерге барынша жағдай жасалуда. Қазір Қазақстанға 83 елдің азаматтары визасыз келе алады. Ал, оларды қарсы алатын біздегі демалыс орындарының деңгейі қандай? Апта сараптама орталығы арнайы рейтинг түзіп шықты.
Шынар АСАНҚЫЗЫ