Мемлекет басшысы Головкинді жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Головкинді жеңісімен құттықтады

06.05.2018

Головкин тағы жеңді. Шаршы алаңға шыққан 31 жастағы Ванес Мартиросянды екінші раунда жойқын соққыларымен нокаутқа түсірді.

Жекпе-жектен кейін Мартиросян «Пойыз астында қалғандай болдым. Бір ғана емес, барлық соққысы сондай болды. Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған. Қашқалақтап жүрген «Канелоның»» әлгі етті не үшін жегенін түсіндім» депті. Әділетті баға. Мемлекет басшысы да бүгін Головкинді жеңіспен құттықтап, жеделхат жолдады.

«Барлық қазақстандықтар сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады. Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін», – делінген жеделхатта.

Генаның жекпе-жегін қазақ жанкүйерлері ерекше ықыласпен күтті. Жеңісті көрді, масайрады, бірінен-бірі сүйінші сұрады, мақтанды, шаттанды. 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу