Рамазан айының қарсаңында Елбасы Астананың «Сарыарқа» ауданында орналасқан 750 орындық жаңа мешітке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан айының қарсаңында Елбасы Астананың «Сарыарқа» ауданында орналасқан 750 орындық жаңа мешітке барды

06.05.2018

Сәрсенбіде Президент Астана қаласындағы жаңа мешітке барды. Бұл - мұқым мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында елордамызда бой көтерген осымен - тоғызыншы мешіт. «Ырыскелді қажының» аты беріліп отыр. «Сарыарқа» ауданында Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Алла үйін тұрғызушылар Президентке мешіттің салыну барысы, сондай-ақ, осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын баламалы энергия көздері жөнінде айтып берді. Құрылыс 2016 жылы басталған. Қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылып отыр.

Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтерді қолдана отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешітте бір мезетте 750 адам иық жанастыра, намаз оқи алады.   

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу