Белсенді депутаттардың рейтингі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белсенді депутаттардың рейтингі

08.04.2018

Өткен айдың соңынан бастап Парламент депутаттары ел аралауға шықты. Бір апта ішінде өздерінің сайлаушыларымен кездесіп, көптеген өнеркәсіп орындарына, білім және денсаулық мекемелеріне барып, өңір тұрғындарымен жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдады.

Сонымен қатар, депутаттар Президенттің бес әлеуметтік бастамасын бұқараға жан-жақты түсіндірді. Барған жерлерінде жеңілдетілген ипотека арқылы баспаналы болудың ерекшеліктері мен жастардың грантпен оқу мүмкіндіктері және кімдердің салықтан босатылатыны туралы баяндады. Мұның сыртында сапалы заңдар дайындау үшін халықтың тілек-арыздарын тыңдады.

Жалпы, қазір Президент тарапынан заң шығарушы органға жүктелген міндет зор. Атқарушы билік атқаруы тиіс ауқымды бағдарламаларды заңдық тұрғыдан сүйемелдеу тікелей Парламенттің құзыретінде. Сондықтан, депутаттардың елдің ахуалын білудің сыртында заң жоба жасау басты жұмыстары. Бұдан өзге кейбір өткір мәселелерге қатысты депутаттық сауал жолдау секілді өзге де жұмыстарда жарқырап көрінуі тиіс.

Осы орайда «Апта» сараптама орталығы белсенді депутаттардың рейтингісін түзді.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу