«Сарыарқа» магистральды газ құбыры 22 мыңға жуық жеке тұрғын үй секторын газға ауыстыруға мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа» магистральды газ құбыры 22 мыңға жуық жеке тұрғын үй секторын газға ауыстыруға мүмкіндік береді

08.04.2018

Президент 5-наурызда әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы белгіледі. Айға жуық уақыт өтті. Бастамалар жүзеге аса бастады. Мәселен, сол 5 бастаманың соңғысы – Астана мен Солтүстік облыстарды газбен қамту ісі. Елордаға Сыр елінен газ жеткізетін «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы Қызылорда облысында былтыр іске қосылған «Қараөзек» компрессорлық станциясы арқылы жүзеге асырылмақ. Құбырдың ұзындығы – 1 мың 81 шақырым. Жоспар бойынша алдағы жылдың желтоқсанында іске қосылуы керек. Бұл – бірінші кезеңге бекітілген меже. Ал, жалпы солтүстікке оңтүстіктен газ тарту ісі 4 кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде Астанаға келген сол мол газды Көкшетауға жеткізу міндеті тұр. Үшінші кезеңде – Петропавлға дейінгі газ магистралін тарту көзделген. Соңғы, төртінші кезеңде «Жезқазған», «Теміртау» компрессорлық станциялары салынады.

Ал, енді 5-ші бастаманың әлеуметтік-экономикалық әсеріне тоқталсақ. «Сарыарқа» магистральды газ құбыры – 192 жеке, 48 шағын қазандықтың, 22 мыңға жуық жеке тұрғын үй секторын газға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Нұрбол ҚАПЕШОВ

Хабарламаларға жазылу