Ауыл шаруашылығы министрлігі кооперация мәселесін қайта зерделеуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі кооперация мәселесін қайта зерделеуге кірісті

25.03.2018

Қазақстан - аграрлы ел. Астықты держава. Мыңғырған малға да бай. Ел экономикасына дәл осы ауыл шаруашылығы секторының тың серпін беріп келе жатқаны әмбеге аян. Сондықтан, саланы жыл өткен сайын дамытып, әртараптандыру замана талабы. Соның бірі жаңадан кооперативтер құрып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлықты тиімді пайдалану. Бұл бастаманы Президент былтырғы халыққа Жолдауында жеке дара көтеріп, елімізде кем дегенде 500 мың ұсақ қосалқы шаруалардың басын біріктіріп, ірі кооперативтер құруды тапсырған. Бір жылдың ішінде біраз шаруа тындырылғанымен, тұралап тұрған тұстар да жоқ емес. Апта басында дәл осы кооператив құруға қатысты кеңес өткізген Үкімет бұл шаруаны ширатудың жаңа жолдарын іздеу керектігін талқылады. Үкімет үйінен Айбек Қобдабай тарқатады.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу