Біріккен Араб Әмірлігінің билігі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат етті

25.03.2018

Осы аптада Мемлекет басшысы Үкіметтегі жауапты тұлғаларды ертіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл ел халықаралық теңіз жолына еркін шығатын,  күн көзінде жыл он екі ай шуақтап жататын және қазынасын «қара алтынмен» толтырған бақуатты ел. Азаттықтың алғашқы жылдарынан бастап бізбен қол алысып, құшақ түйістірген мемлекет.

Осы күнге дейін екі ел арасында сенімге селкеу түскен емес. Нәтижесі-бүгінде екі ел азаматтары бір-біріне визасыз қатынай бастады. Жақында ғана 10-наурыз күні Әмірлік билігі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат етті. Ал кешегі ресми сапардың салмағы бөлек. Бірнеше инвестициялық құжатқа қол қойылды. Әсіресе, мұнай-химия саласын дамытуға нақты жоспар бар. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 10 млрд. АҚШ долларынан асады. Қай салаға қандай басымдықтар беріледі? Сапардың салмағы туралы Ғабит Ұзақбай баяндайды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу