Терең тарихымызда ару-ана, қыз-келіншектеріміздің арасынан батырлар да, тұтас елге үлгі болған көсемдер де, шешендер де, даналар да дараланып шыққан. Арымыз да, барымыз да өздері екенін білетін текті, көргенді қыз-келіншектеріміз ат аттандырып, сүйек сындырып көргенсіздік те танытып көрген жоқ. Қазір басқа заман, құндылықтар қас-қағымда өзгеріп жатыр. Десе де, әйелдеріміз ер адамдармен үзеңгі қағыстырып, иық тірестіріп ерен еңбек етіп жүр. Оның сыртында үйдің бітпейтін тірлігі бар. Бұл өмірге ұрпақ әкеліп, егемен елдің ұлт санын арттыруға жасап жатқан ерліктерін қалай мақтасақ та жарасады. Бұл ретте осы Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы болуы жолында маңдай терін төгіп жүрген түрлі саладағы қайраткер әйелдердің рейтингін жасауды жөн көрдік.
Ержан ҚАЛЫМБАЙ