Өткен жылы Қазақстанға қоныс аударғандардың көбі өзбек ағайындар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы Қазақстанға қоныс аударғандардың көбі өзбек ағайындар

04.03.2018

Елге көшіп келушілердің статистикасы бойынша, былтыр Қазақстанға 16 мың 081 адамның қоныс аударғанын білдік. Олардың 11 мың 596-ы ТМД елдерінен келіпті. Оның ішіндегі ең көбі қоңсылас өзбек ағайындар екен. Бір жылдың ішінде бұл елден 5 мың 196 адам Қазақстанға көшіп келген. Ресейден – 4383 адам, Қытайдан – 3204 адам қоныс аударған. Өзге 4 мыңы Беларусь, Қырғызстан және Еуропаның бірқатар елдерінен келген. Ал, енді ішкіқонға назар салайық. Жамбыл жерінен көшушілер көш бастап тұр. Бір жыл ішінде бұл облыстан 16918 адам өзге облыстарға қоныс аударыпты. Оңтүстікқазақстандық 14612 адам мекенжайын өзгерткен. Ал, ең көп тұрғын Астанаға кеп тұрақтапты. Былтырдың өзінде бас қалаға 35 мың адам келген. Алматының көрсеткіші де осыған шамалас. Оңтүстік астанада халық саны көшіп келушілердің есебінен 30 мың адамға өскен. Қорыта айтсақ, көшіп кеткендер бар, көшіп келушілер бар, дүниеге келген сәбилер бар, бәрін қоса есептегенде 2017 жылдың басынан 2018 жылдың 1-қаңтары арасында 238864 адамға көбейіппіз.

Хабарламаларға жазылу