Оны ғылыми тілде зейнетақы аннуитеті,–деп атайды. Бұл жерде жай зейнеткерлер туралы емес, қаржылық әлеуеті ерекше зейнеткерлер туралы айтып тұрмыз. Бір қызығы, осы аннуитеттің де жыл сайын айнып тұратыны зейнет жасына жақындағандарды алаңдатады. Мысалы, былтыр қорға 10 млн.теңге жинаған жанның ертерек зейнетке шығуға мүмкіндігі бар еді. Ал, биыл жасы елуден асқандарға тағы 3 млн.теңге жинау жүктелген. Көптің көңілін күпті етіп отырған тұсы да осы. Саладағы ақылға сыймайтын айрықша реформалар жайын Нысаналы Ығыл зерделеп көрді.
Нысаналы ЫҒЫЛ