Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді

18.02.2018

Халқының қарасымен ғана емес, қарышты даму қарқынымен талайды қайран қылып келе жатқан Қытай экономикалық көрсеткіштер бойынша жиһанда АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты. Күншығыс елінің көз ілеспес қым-қуыт тірлігінен көш ілгері озған Ханзу елінің жаһандық қауымдастықты тікелей мағынасында «жартысын жаулап алмаса да», жайлап алға жылжуының сан сыры бар. Себебі, бұл қауым саясатта да, бейсауат өмірде де өте принципшіл, еңбекке епті. Сондықтан болар, Қытай қазір дүниенің кез келген елі санасатын сатыға шықты. Ал, оң жағымызда осы алып, сол жағымызда орыс алып отырғанда, олармен тату тұрып, екеуінің пайдалы ісін елге тарту - көп векторлы бағытты ұстанған Назарбаев ұстынының ұтымды қадамы. Елбасының салмақты сұхбаты келесі сараптамада.

 

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу