Ұлттық арна Қысқы Олимпиададан хабар таратады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Қысқы Олимпиададан хабар таратады

04.02.2018

Ұлттық арна енді 5 күннен кейін байрағы желбірейтін Қысқы Олимпиададан хабар таратуға дайын. Ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчханында спортың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазірдің өзінде спортшылар шоғырланатын қалашықта Қазақстанның Туы тігіліп тұр. Төртжылдықтың басты додасында отандастарымыз спорттың 9 түрінен 57 жолдама еншілеген. Спорт саласындағы басшылар бұл жолы Юлия Галышева, Алексей Полторанин, Дмитрий Рейхерд, Денис Тен сынды спортшыларымызға үлкен үміт артып отыр. Осыған дейінгі Қысқы Олимпиадаларда Ұлттық құрама бар-жоғы 7 медаль жеңіп алған еді. Оның біреуі – алтын, үшеуі – күміс және қалған үшеуі - қола.

Хабарламаларға жазылу