Елімізде соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзекті болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзекті болып тұр

04.02.2018

Соңғы жылдар дінге қатысты мәселелер діңкелетіп тұр. Нақтысы, радикал ағымдарға арбалған азаматтар. Бұл енді тек біз үшін емес, төңірегіміз үшін емес, түгел әлем үшін шиқанға айналып барады. Бүгінде намаз оқимын деген жанға қоғам үрке қарайтын деңгейге жетті. Бұл әлбетте, өз дініміз бен өзгенің пасық пиғылын ажырата алмай, алданғанымыздың айғағы.

Ұзақ жылғы атеистік идеология Кеңес Одағымен бірге келмеске кетті. Бос қалған рухани кеңістік бір бармағын ішке бүккендердің де майшелпегіне айналды. Дәстүрлі діннен көз жазып барып қайта қауышқан халықтың діни сауаты әлсіз болды. Көпшілік  әлі де болсын  ата дін мен қате діннің аражігін ажырата алмады. Осы олқылықты мысықпиғыл миссионерлер барынша пайдаланды. Сондықтан, оларға құқықтық тұрғыдан тыйым салудың кезі келген секілді.

Осы апта Парламентте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Заң жобаның ерекшеліктері қандай? Толығырақ Ержан Қалымбайұлының сюжетінде.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу