Қауіпсіздік кеңесінің алаңында Қазақстан 30-ға жуық отырыс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпсіздік кеңесінің алаңында Қазақстан 30-ға жуық отырыс өткізді

04.02.2018

Әлемдік саясат сахнасында әлеуеті мықты бірлестік болса, ол - Біріккен Ұлттар Ұйымы. Жер бетіндегі 200-ге жуық мемлекеттің басын қосқан ұйымның құрылымы да сан салалы. Бас ассамблея, Бас хатшылық, Сот жүйесі, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, МАГАТЭ, ДСҰ. Бір ғана Қауіпсіздік кеңесінің өзі жаһан жұртын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Бұл кеңеске ең жауапты міндет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелген.

Жалпы, тура бір жыл бұрын Қазақстан осы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланған еді. Халықаралық ұйымның тәртібі бойынша Қауіпсіздік кеңесіне мүше әрбір мемлекет әліпби бойынша бір ай мерзімге кеңеске төрағалық етеді. Қазақстанның кезегі биылғы жылдың қаңтар айына келді. Қауіпсіздік кеңесінің алаңында біздің ел консультация, брифинг және пікірталас форматында 30-ға жуық отырыс өткізді және олардың қорытындылары бойынша Кеңес Төрағасының ақпарат құралдары үшін қарарлары мен мәлімдемелері қабылданды. Сонымен, кеңеске төрағалығымыз қаңтардың 31-де аяқталды. Бұл біздің ел үшін үлкен мәртебе, биік мінбер болды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу