2017 жыл еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы үшін несімен есте қалды?

24.12.2017

Конституцияға биыл енгізілген өзгерістердің нәтижесінде билік тармақтарының құзыреттері қайта қаралды. Бұл қазіргі алмағайып шақта бүкіл ел тағдыры мен мемлекет болашағы алдындағы биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін арттырып, замана ауыртпашылығын теңдей көтерісуге атсалыссын деген ниеттен туындаған шешім. Осы өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Парламентінің құзыреті едәуір кеңейді. Сол-ақ екен, қос палатаның да жұмысы жандана бастады. Біршама маңызды заң қабылданды.

Сонымен қатар, қазына қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалау мақсатында парламенттік тыңдау өткізілді. Жалпы, жылдан-жылға тиімсіз немесе мүлдем игерілмей қалған қаражат көлемі айтарлықтай азайып келе жатыр. Ол үшін тиісті шаралар ескерілген. Дегенмен, қақпағы жоқ қазаннан қарпып қалатындар әлі де жетерлік. Басты себеп - қапысын тауып, мемлекет қаржысын тиімсіз мақсатқа жұмсағандар жауапқа тартылмайды. Жеке жауапкершіліктің жоқтығы, ұжымдық жауапсыздыққа әкеліп соғады. Сондықтан, парламентарийлер биыл жеке бастың жауапкершілігін арттырып, жазаны күшейтуді ұсынды. Аяқталуға қараған 2017 жыл еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы үшін несімен есте қалды? Бұл туралы парламенттік тілшіміз айтып берсін.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу