Елбасы: Тіл тәуелсіз болмай, ел тәуелсіз болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Тіл тәуелсіз болмай, ел тәуелсіз болмайды

24.12.2017

Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі, Президенттің рухани жаңғыруға бет алған бағдарламалық мақаласы болды. Елбасының бұл еңбегі ел арасында шынымен де орасан зор қолдау тауып, үлкен резонанс тудырды. Халықтың осындай санаға сілкініс беретін бір бастаманың қажетсініп жүргені анық аңғарылды. Тіпті, бүгінгі билікті сынап жүрген оппозиция өкілдерінің өзі бұл қадамның маңыздылығын мойындауға мәжбүр болды. Қазақстанның алға қойған айқын мақсаты, белгілі бағыты бар. Ол – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жалпы, озық 30 ел қатарына қосылу дегенде біз нені түсінеміз? Экономикалық көрсеткіштерді теңестірсек, жеткілікті ме? Жоқ әлбетте. Озық елдердің санатынан табылу үшін жоғары дәрежедегі экономикамен бірге, әлеуметтік әлеует артуы тиіс. Сонымен қатар, жоғары дәрежедегі қоғамдық өркениет пен биік қоғамдық мәдениет қалыптасуы қажет. Қоғамда жаңа қарым-қатынас жүйесі орнауы керек. Ал, мұндай сапалы өзгерістер тек саналық болмыстың қайта түлеуінің негізінде болмақ. Бір сөзбен айтқанда жаңа экономикалық формация жаңа қоғамдық сананы қажет етеді. Президенттің сәуір айында шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы міне, осы мақсаттарды да көздеді, әрі көптің көңілінде жүрген, бірақ, белгілі бір формаға қалыптаса алмай жүрген ойларды бір арнаға тоғыстырды. Мақаланың бір бөлімінде қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін толықтай латын қаріпіне көшіру қажеттігі жөнінде де айтылған еді. Осы аптада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Президентке журналистердің бірі «Латын қаріпіне көшудегі мақсатымыз қандай?» деп сауал қойып еді.

«Тіл тәуелсіз болмай, ел тәуелсіз болмайды», - деді Президент. Одан артық бір нәрсе айтудың да қажеті жоқ шығар. Ал, енді шын мәнісінде осы тарихи шешімді жүзеге асырудың беталысы қалай? Бүгінгі күнге дейін нендей жұмыстар атқарылды? Алда қандай міндеттер бар? Ол жайында тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы айтып берсін.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу