Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлығымен шыққан кітаптардың қатары тағы бір туындымен толықты. Әдеби шығарма емес, әрине. Елбасының бұған дейін шыққан 20-дан астам кітабын да әдеби туындыларға жатқызуға болмас. Басым көпшілігі публицистикалық жанрда жазылған. Сонда бұл кітаптардың құндылығы неде деген заңды сұрақ туындайды? Меніңше, бұған бір ғана жауап бар. Осы аптада Астанада таныстырылымы өткен «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітаптың да, басқа да Президенттің жазған дүниелері де Қазақ елінің Тәуелсіздік жылдарының жылнамасы іспетті. Сондай-ақ, ол сол елдің дамуына, ондағы тарихи процестерге едәуір ықпал етуге мүмкіндігі болған мемлекеттік тұлғаның көзімен жазылған жылнама. Мұндай еңбектер тарих үшін қажет екені даусыз.
Досымжан ЕРМҰРАТ