Соған сай қала аумағы өсіп, кеңейіп, жаңа ғимараттар мен кешендер салынады. Біздің тілшілермен кездескен «Астана қаласының бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәрсембек Жүнісов осылай деді. Бас қаланың бас архитекторы көлік кептелісі проблемасының қалай шешілетінін де айтып берді. Оған қоса, келер жылы Есілдің оң жағалауы мен сол жағалауын жалғайтын жаңа 2 көпірдің құрылысы аяқталуы тиіс. Астананың болашақ даму жоспарлары жайында тілшіміз айтып берсін.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ