Астанада осы жоба инвесторы түріктің «Eren Enerji Elektrik Üretim» компаниясы мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ арасында өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Жобаның 80 пайызын инвестор, қалған 20 пайызын «Тау-Кен Самұрық» АҚ қаржыландырады.
Жылу электр станциясы Торғай өңіріндегі Құсмұрын көмір кен орны маңында орналасады.
Мамандар, бұл станция Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы электр энергиясы тапшылығын шешеді, дейді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ