Алдағы жылдың басында Елбасы АҚШ-қа ресми сапармен бармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жылдың басында Елбасы АҚШ-қа ресми сапармен бармақ

03.12.2017

Бұл туралы екі ел басшылары қазан айында уағдаласқан болатын. Естеріңізде болса, сол жолы АҚШ Президенті Дональд Трамп телефон арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты «ЭКСПО» көрмесінің сәтті өтуімен құттықтап, артынша өз еліне келіп кетуді ұсынған болатын. Соған байланысты осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады. Кездесуде алдағы сапарға дайындықтың мән-жайы пысықталды. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты. 

Хабарламаларға жазылу