Минскідегі Қырғыз Президентімен кездесу қорытындысы бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі көрші елдің Үкіметтік делегациясымен келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылды. Оның ішінде шекарадағы жағдай да қамтылған.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Толкунбек Абдыгулов қол қойған Жол картасы шекара, көлік, фитосанитариялық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілікті реттеу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға негізделген 50 шараны қамтиды.