Қазақ-қырғыз атам заманнан бері қарға тамырлы туыс халық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз атам заманнан бері қарға тамырлы туыс халық

19.11.2017

Бірлігі мен тірлігі біте қайнасып, төсекте басы, төскейде малы қосылған жұрт. Бірақ, осы мыңдағын жылдық туыстыққа сызат түсіріп, ағайын арасын араз ету кімге керек? Айырқалпақты ағайынның қызметінен кетіп бара жатқан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің саяси мүддесі үшін, партиясының сайлауда жеңіске жетуі үшін екі бетті шиедей ететін әрекеттерге тайынбай баруы талайдың жағасын ұстатты. Бізді соңғы екі ай бойы құтырған бурадай шабынуы, Қазақстанға қарата ата жауындай өрекпи сөйлеуден тыйылмауы қынжылтты.

Жалпы, Атамбаевтың ел ішін ала тайдай бүлдіруі түбі бір туыс халықтардың қабырғасына қанжардай батты. Қырғыз елінің қалың бұқарасы ғана емес, зиялысы да, қоғам қайраткерлері де бәтуасыз, іріткі сөздерден шаршап, «кетсең тыныш кетсеңші, егіз қозыдай екі елдің арасына сына қақпай» - деген ұстанымдарын анық білдірді. 

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу